02 жел, 2016 сағат 09:52

Атамбаев: Ресей әскерилері Қырғызстандағы әскери базадан кетуі тиіс

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев баспасөз конференциясында сөйлеп отыр. Бішкек, 1 желтоқсан 2016 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ресейлік әскерилер Қырғызстандағы әскери базадан жақын келешекте кетуі тиіс деп мәлімдеді. Бішкекте өткен жыл сайынғы баспасөз конференциясында Атамбаев Қырғызстан ел аумағындағы шетелдік әскери базаларға емес, өзінің қарулы күштеріне ғана сенуі қажетін айтты.

Қырғызстан мен Ресей 2012 жылы Ресейдің Бішкек түбіндегі Қант әуе базасын жалға алу мерзімін 2013 жылдан бастап 15 жылға ұзарту туралы келісім жасасқан. Қырғызстанның бұрынғы басшылығы қол қойған ол келісімге сай әуе базасын жалға алу мерзімі бұрынғы мерзімді қоса алғанда 49 жылға ұзартылған.

Атамбаев сонымен бірге 2014 жылы Бішкектің Манас халықаралық әуежайындағы америкалық транзиттік әскери нысанын жабудың "дұрыс шешім болғанын" да мәлімдеді.