29 мам, 2018 сағат 23:11

Асылжан Мамытбеков жаңа қызметке тағайындалды

Асылжан Мамытбеков Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Биылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанның Ет одағы басқарма төрағасы болып сайланған еді. 

2016 жылы Асылжан Мамытбеков ауыл шаруашылығы министрлігінен отставкаға кеткен еді. Бұл қызметте ол 2011 жылдан бері болды.