28 жел, 2017 сағат 10:22

Асылбек Мусин 15-қабаттан құлаған - СІМ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Асылбек Мусиннің қаза болу мән-жайы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан азаматының қаза табу фактісі бойынша Рига қаласының полиция бөлімшесі қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады. Олар қайғылы жағдайдың неден болғандығын анықтайтын болады. Кеше Ригаға келген қаза болған азаматтың ағасы Қазақстан консулымен бірге сот-медициналық сараптамалық орталығына барып, Асылбек Мусиннің мүрдесін таныды», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Оның айтуынша, қайғылы оқиға 22-сінен 23-ші желтоқсанға қараған түні болған, іс 22 желтоқсан күні сағат 23-42-де тіркелген.

Полиция мәліметінде, Асылбек Мусин 15 қабаттан терезеден құлаған.

«Асылбек Мусин Қазақстан Елшілігінде консульдық есепте тұрмаған. Кейбір мәліметтерге сәйкес оның Ригада тұруға ықтияр хаты болған», - деді ол.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Ригада өмірден озғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.