06 сәу, 2017 сағат 23:31

Астраханьда полицейлерге жасалған шабуыл - Ислам мемлекетінің әрекеті

«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Астраханьда екі полицейдің өлтірілуі және Ресей гвардиясына жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. 

Бұл туралы содырлардың қызметіне мониторинг жүргізетін SITE Intelligence Group ұйымы хабарлады, деп жазады Gazeta.ru.

Еске салайық, 4 сәуір күні Астраханьда жол-көлік оқиғасына қатысушылар апат орнына жеткен полиция қызметкерлерін атып өлтіріп, іздерін суытты. Кейін полицейлер бес күдіктіні ұстады, тағы бес қылмыскер қашып үлгерді.

6 сәуірге қараған түні Астраханьда белгісіз адамдар автомобиль салонынан Ресей гвардиясының үш қызметкеріне қарсы оқ атты. Үш құқық қорғаушы жарақаттанып, шабуыл жасағандардың бірі өлтірілді.

Ресей гвардиясының жауынгерлері арнайы операция шеңберінде осы екі шабуылға қатысы бар барлық күдіктінің көзін жойды.