11 там, 2017 сағат 09:35

Астероид Жерге жақындап қалды

Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕҒА) диаметрі 15-30 метрді құрайтын астероидтың жақындап келе жатқандығын хабарлады.

ЕҒА мәліметінше, астероид Жерге өте жақын - небәрі 44 мың шақырымдай қашықтықта ұшып өтеді. Сондай-ақ, ғарыш нысанының біздің ғаламшарымыздың жанынан 12 қазан күні өтетіндігі айтылған. Өз кезегінде France Press агенттігі астероидтың көлемі үймен салыстырарлықтай екендігін атап өтті.

ЕҒА мәліметінше, мұндай көлемдегі астероидтың Жер атмосферасына енуін 2013 жылы Челябіде құлаған метеориттің салдарымен салыстыруға болады.

«Астероидтың арасы өте жақын», - деді France Press агенттігіне сұхбат берген ғарыштық ұшу басқармасының еуропалық орталығының директоры Рольф Десинг.  

Астрономдар әзірге көзге көрініп тұрған ғарыш нысанын және оның құрамы жайлы мейлінше егжей-тегжейлі зерттеуді жоспарлап отыр.