29 нау, 2020 сағат 17:46

Астанада жатақхана карантинге жабылды

Елордада Сәдуақасов көшесі, 18/1 мекенжайында орналасқан жатақхана карантинге жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, инфекцияны жұқтырған пациент стационарға орналастырылды. 

«Онымен байланыста болған адамдар анықталды. Жатақханаға баруға тыйым салынады. Дезинфекция жүргізілді», - делінген ақпаратта. 

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда бұған №2 көпсалалы облыстық аурухана, №1 автобус паркі, «Мейірім» медициналық орталығы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінде орналасқан Ұлттық ғылыми онкология орталығы карантинге жабылған болатын.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 271-ге жетті. Оның ішінде елордадағы науқастар саны – 166.

Індеттен 18 адам жазылып шықты. Оның 13-і елордада емделді.