11 қаң, 2018 сағат 09:46

Астанада төтенше жағдай жарияланды

Астанада төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала басшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

«Өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ІІД, ТЖД, коммуналдық қызметтер сияқты қала тіршілігін қамтамасыз ету мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік (базарлар, СОСО) және құрылыс нысандарының басшыларына қызметті уақытша тоқтатуды ұсынамыз» делінген хабарламада.