08 мау, 2017 сағат 10:50

Астанада такси жүргізушісі шетелдікке 40 мың теңгесін қайтарып берді

Шетелдікті әуежайдан қалаға жеткізгені үшін одан 40 мың теңгесін қағып алған такси жүргізушісі ақшаны қайтарды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер Венгрияның 40 жастағы азаматын әуежайдан қалаға жеткізіп, 40 мың теңге алып кеткен астаналық такси жүргізушісі келтірілген залал мөлшерін толығымен өтегенін хабарлады.

"Шетелдік азамат қонақүйге келген кезде ресепшннен такси құны қанша тұратынын сұраған, сол жерде ол таксиге көп ақша беріп қойғанын түсінген. Осыдан кейін ол полицияға барып шағымданған", - деді Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Венгрия азаматын әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси жүргізушісі алдап кеткен еді. 6 маусымда 14.00-де полицияға Венгрия азаматы шағым түсірген, ол белгісіз такси жүргізушісінің алаяқтық жолмен 40 000 теңге иемденіп кеткенін айтқан. "Жедел-іздестіру шаралары барысында "Сарыарқа" ІІБ полицейлері 33 жастағы жүргізушіні ұстаған, ол шетел азаматын алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесінде орналасқан қонақүйге жеткізгені үшін көп мөлшерде ақы алған", - дейді елордалық ІІД өкілдері. 

Такси жүргізушісі аккредитациядан өткен, жеке адам тасуға құқығы бар екені анықталды. Осы дерек "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.