19 қаң, 2018 сағат 15:41

Астанада тағы да қатты аяз болмақ

22-26 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамы белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

23-26 қаңтар аралығында Астана қаласында қатты аяз түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С болады деп күтілуде.

Астана қаласы әкімі Әсет Исекешов қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларына назар аударуға шақырды.

«Қазгидрометтің мәліметтеріне сәйкес, келесі аптада, яғни 22 қаңтардан бастап, әсіресе 23-26 қаңтар аралығында ауа-райы күрт суытып, ауа температурасы -35 - 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты барлық қалалық қызметтерге, әсіресе үздіксіз жылу энергиясымен қамтамасыз ететін энергетиктерге аязды күндерге дайын болу үшін тапсырма бердім», - деп жазды қала әкімі фейсбуктегі парақшасында.

Сондай-ақ, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40°С, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С күтіледі.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С болады деп болжанып отыр.