22 там, 2018 сағат 09:12

Астанада салонын су басып кеткен автобусқа қатысты мән-жай белгілі болды

Астанада автобус жолаушылар жаңбыр суының көлік салонына кіріп кеткенін видеоға түсіріп алған. Адамдар аяғын су қылмас үшін, биігірек шығуға мәжбүр болыпты. Astana LRT мәлімет бергендей, бұл бейнежазба жалған емес, деп жазады Sputnik агенттігі.

"Бұл - монтаж емес. Шынымен солай болды. Автобус Момышұлы көшесіндегі терең көлшіктен өтіп бара жатқан болса керек. Жүргізуші сол шеңберді аяқтауға тиіс болды, өйткені жолаушыларды межелеген жеріне апарып салу керек еді. Содан соң техникалық көмек шақырылды. Көлік сынбаған. Біз проблеманың алдын алып, автобусты автопаркке жібердік. Желіге резервтегі автобус шықты", — дейді "Astana LRT" ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаева.

Ауа райы қолайсыздығына байланысты елордада бірқатар автобустың бағдары өзгертілген. Сәрсенбі күні таңертең қоғамдық көлік әдеттегі бағдармен қызмет көрсете бастады. 

Астанадағы нөсер жаңбыр – аномальды құбылыс

Азанбаеваның сөзіне сүйенсек, тәжірибесі мол қызметкерлердің өзі елорда автобусының суға батқан кезін естеріне түсіре алмапты.

Аномальды нөсердің салдарымен 140 көлік күресті, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбі күні кешкісін Астанада жауын-шашынның айлық мөлшері түскен.

Кей тұрғындар көшені қайықпен жүзіп өтіпті.

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың нөсер жаңбырға дайын емес екенін атап, қала билігін сынға алды.