#
#
Сенбі 24/08/2019

Астанада сал ауруына шалдыққан тағдырды баяндайтын фильмнің тұсауы кесілді

  • 08.02.2019
  • 0
  • 505

Елордадағы Saryarka кинотеатрында «Қыз бен теңіз» атты әлеуеметтік көркем фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фильмде БЦП-мен (балалардың целебралды параличі) ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің тағдыры баяндалады. Сюжет бойынша Әселдің арманы өмірден өз махаббатын жолықтырып, соған тұрмысқа шығу. Уақыт өте келе бойжеткен Тахир есімді жігітті кездестіріп, өмірі өзгереді.

«Бұл фильм мүмкіндігі шектеулі жандардың тағдырын баяндайтын «Безграничные возможности» атты диалогияның екінші бөлімі. «Быть или не быть» атты бірінші бөлімінде сал ауруымен ауыратын жас жігіттің тағдыры бейнеленген. Ал екінші бөлімде Әсел есімді бойжеткеннің тағдыры баяндалады. Басты рөлдегі кейіпкердің өмірі арқылы, адам алдына мақсат қойса, қандай қиыншылықтарға қарамастан арманына қол жеткізе алатынын көрсеткіміз келді. Сол сияқты Әсел тағдырдың берген сынына қарамастан, өмір сүруге деген құштарлығы бір сәт саябырсыған емес, керісінше ол көп дүниені армандап, өз мақсатына қол жеткізе білді», - дейді фильм режиссері әрі продюсері Әзизжан Заиров.

Кинотуындының айтып өтер ерекшелігі, басты рөлді сомдайтын кейіпкерлер кәсіби әртістер емес. Одан бөлек, рөлді сомдаушылардың арасында Алматыдағы «АРДИ» оңалту орталығының оқушылары да бар.

«Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы баяндайтын бұл фильм көрерменге ой салатын, өте күрделі туынды. Өкінішке қарай, бүгінде біз қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірі жайлы, олардың айналысатын істері, қызығушылықтары, сондай-ақ алға қойған мақсаттары мен арман-тілектері жайлы біле бермейміз. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрып жатыр екен, бұл жалпы халық санының 3,5 % құрайды. Осы тұрғыда мүгедектігі бар жандарға жағдай жасау, оларға қолжетімді орта құру мен қоғамнан тыс қалмауына жіті көңіл бөлу, біздің басты мақсатымыздың бірі», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Қыз бен теңіз» фильмінің режиссері Мұхамед Мамырбеков пен Әзизжан Заиров.

Басты рөлдерде Динара Шәріпова, Тахир Омаров, Қанағат Тасқараев, Гүлбахрам Байбосынова, Сауран Қастеев, Алмат Әділбаев және басқалар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар