20 нау, 2018 сағат 12:10

Астанада Рахымжан Отарбаевтың аудио кітабы таныстырылады

Қазақтың көрнекті жазушысы Рахымжан Отарбаевтың дүниеден өткеніне де бір айдан аса уақыт өтті. Жақын күндері Елордада жазушының бақилық болғанына 40 күн толуына орай құран бағышталып, арнайы ас берілмек. Сондай-ақ қаламгер мұрасы насихатталып, көпшілік назарына ұсынылады.

Атап айтсақ, 30 наурыз күні Астана қаласында Рахымжан Отарбаевтың аудио кітабы таныстырылады.

«Ақ Жайық» баспасынан шыққан аудио кітапқа жазушының бір топ әңгімесі енген. Оқыған: Қуат Ахметжанов. Кітаптың таныстыру рәсімі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында сағат 16:00-де өтеді.

Сол күні яғни, 30 наурыз күні күндізгі сағат 12:00-де Астанадағы «Тұран» мейрамханасында қаламгердің қырқына арнап ас беріледі.

Сондай-ақ 24 наурыз күні Рахымжан Отарбаевтың дүниеден озғанына 40 күн толуына орай жазушының туған жері Атырауда құран бағышталып, ас беріледі. Ал сол күні сағат 15.00-де Атырау-ақпарат баспасөз орталығында аудио кітабының таныстырылымы өтеді.

Еске сала кетсек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, Халықаралық Шыңғыс Айтматов акдемиясының академигі, Парасат орденінің иегері, Атыраудың және Құрманғазы ауданының құрметті азаматы, белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев 2018 жылдың 17 ақпанында дүниеден өткен болатын.