25 қаң, 2017 сағат 08:33

Астанада Президенттің қатысуымен қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы басталды

- Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы бастау алды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алдымен Елбасы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының капитаны биатлоншы Дәулет Раxымбаевқа еліміз Туын табыс етті. Өз кезегінде Раxымбаев Қазақстан құрамасы жарыстарға толығымен дайын екендігін баяндады.

Елордадағы эстафета екі кезеңге бөлінген. Алаугерлер үш жарым сағат бойы қаланың орталық көшелерімен жүгіріп өтеді. Алғашқы кезең «Назарбаев Университетінен» басталып, «Бәйтерек» монументіне дейін жалғасады. Екіншісі - «Бәйтерек» монументінен қайта бастау алып, оң жағалаудағы қалалық әкімдік алаңында аяқталады. Эстафетаның жалпы ұзақтығы 12 шақырымды құрайды.

Алауды барлығы 60 алаугер алып жүреді, олардың арасында танымал спортшылар мен Астананың қоғам  қайраткерлері бар.

Алаугерлердің бірі Данияр Елеусінов, ол бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2013 жылғы әлем чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2015 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Рио-де-Жанейрода өткен 31-ші жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы.  

Сондай-ақ, боксшы Василий Левит те Эстафета алауын Астана көшелерімен алып жүреді. Левит бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2009 жылғы Азия чемпионы, Рио-де-Жанейрода өткен 31-ші жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Құрметке лайық тағы бір алаугер - Әлібек Наурызбайұлы. Ол гір спортынан спорт шебері, 2014 жылғы Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері, 2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2012 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионы, 2010-2014 жж. ҚР бес дүркін чемпионы және 2015 жылғы Әлем чемпионатының күміс медаль иегері.

Мөлдір Мекенбаева - 2016 жылы Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионы, «Arlan Grip Selection» халықаралық турнирінің жеңімпазы, бразилиялық джиу-джитсу бойынша ҚР чемпионы.  

Спортшылардан бөлек, 28-ші қысқы Универсиада алауын қоғам қайраткерлері, белсенді оқу озаттары және танымал қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова алып жүрмек. Сәдуақасова 18 жасқа дейінгі шахматтан әлем жеңімпазы, әйелдер арасында Орталық Азия чемпионы, 12-15 жасқа дейінгі әлемнің вице-чемпионы және ҚР бірнеше дүркін және абсолютті чемпионы.

Универсиаданың Алматыда өтетін ашылу салтанатына елорда  атынан қазақстандық хоккейші, астаналық «Барыс» клубының қорғаушысы Мадияр Ыбырайбеков  қатысады.  

Астанада өтетін Алау эстафетасының алаугерлері:

1. Ыбырайбеков Мадияр Сәндібайұлы

2. Левит Василий Алексеевич

3. Мекенбаева Мөлдір Ерланқызы

4. Ленчак Аркадий Владимирович

5. Дүйсенова Алина Ержанатқызы

6. Ахметов Әнуар Ерланұлы

7. Қуанова Набат Қосайқызы

8. Тырнахан Нұргүл Тырнаханқызы

9. Пішенбаев Тұрар Құсайынұлы

10. Мұқатов Жеңіс Ерғалиұлы

11. Үкібас Айбек Кенжеболатұлы

12. Жаңабаев Айдар Хамзаұлы

13. Хабаров Ерқанат

14. Жанашев Дінмұхамед Мұратұлы

15. Кәрімов Ербол

16. Амангелді Мәди

17. Табарина Анастасия Александровна

18. Бірлес Дархан Бақытбекұлы

19. Срайыл Нұрсейіт Хұсанұлы

20. Көкеева Әйгерім Асқатқызы

21. Өтепбайұлы Ғани

22. Сәдуақасов Нұрлыхан

23. Оралханов Ілияс Батыржанұлы

24. Зеренханова Балжан Зеренханқызы

25. Тезекбаев Руслан Дулатұлы

26. Жетесов Жұлдызбек Жетесұлы

27. Нұрлан Азамат

28. Тахтай Василий Сергеевич

29. Байкенова Зарина Талғатқызы

30. Морозов Дмитрий Владимирович

31. Елеусінов Данияр Маратұлы

32. Артурова Таңшолпан Артурқызы

33. Бекназар Ақнұр Ерназарқызы

34. Әкімжанов Жасұлан Шалқарұлы

35. Сапаралы Алтынбек Абайұлы

36. Алдияр Амандияр Дестиярұлы

37. Әбдірәш Абылайхан Әбдікерімұлы

38. Жансол Бақшагүл

39. Жүнісбек Райхан Нұрлыбекқызы

40. Мануар Керімхан

41. Ербол Букин

42. Шолпаной Тұрдышева

43. Егінжанов Диас Ерсінұлы

44. Оспан Камила Досанқызы

45. Үмбетов Әділхан Мақатұлы

46. Сәдуақасова Динара Рамазанқызы

47. Нұрмұхамбетова Диана

48. Сағадиев Темірлан

49. Өтегалиева Альбина Бауыржанқызы

50. Құдайберген Қайрат

51. Айман Әлзақова

52. Алябьева Анна

53. Махметов Айдар

54. Бекназаров Әнуар

55. Тұрлыханов Ерхат

56. Секеров Санат Амантайұлы

57. Айтхожин Азамат

58. Гүзел Манюрова

59. Құрман Еркін Бауыржанұлы

60. Старостин Марк Юрьевич

Одан кейінгі бес күн ішінде республиканың барлық облыс орталықтары өз Алауларын жағатын болады. Соңында алау Универсиада астанасы Алматы қаласына жеткізіледі. Барлығы эстафетаға 1 мыңға тарта алаугер қатыспақ. Жалпы алау эстафетасы 22 500 шақырымды еңсереді деп жоспарланған.