#
#
Сейсенбі 24/10/2017

Астанада "Қызыл орамалды шынарым" қойылымының премьерасы өтеді

  • 25.05.2017
  • 0
  • 1820

31 мамыр күні «Бейбітшілік және Келісім сарайында» Қ. Қуанышбаев  атындағы  Мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театры «Қызыл орамалды шынарым» атты лирикалық драмасының  премьерасын өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қойылым режиссері – Қазақстанның  Халық артисі  Талғат Теменов. Қоюшы суретшісі – Рахат Сапаралиева.

Қырғыздың  атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов қаламынан туындаған шығармалар театр репертуарынан елеулі орын алады. «Боранды бекет» романының желісі бойынша Халық қаһарманы Ә.Мамбетов «Ғасырдан да ұзақ күн» спектаклін сахналаса, «Жәмилә» повесі мен «Раймалы» аңызының желісімен Қазақстанның Халық артисі, режиссер Талғат Теменов суреткер  жазушының  қос туындысы негізінде «Аққудың көз жасы» лирикалық драмасын тудырды. Ал, осы маусымда қарымды қаламгердің махаббат тақырыбында қалам тербеген «Арманым, Әселім» повесі негізінде «ҚЫЗЫЛ ОРАМАЛДЫ ШЫНАРЫМ» лирикалық драмасын ұсынады.

Спектакльдің  басты  кейіпкерлері – Ілияс пен Әсел тағдырдың жазуымен кездескен еді. Екеуінің кіршіксіз таза, адал махаббаттарына кедергі болған не жағдай? Ұзатылып бара жатқан жерінен туған туыстарын тастап, сүйгенімен кете барған Әселдің өмірі қалай болды? Бір-ақ рет жіберілген ағаттық Ілиястың отбасынан айырылуына әкеп соғады. Ақыр соңында нағыз сұлу, пәк жанды Әселмен бірге қалатын кім, сезім мен намыс айқасында қайсысы жеңіске жетеді?

Басталуы: сағат 19.00-де.

0 пікір

Пікір қалдыру

БАННЕР