24 қаң, 2017 сағат 12:57

Астанада қысқы Универсиада-2017 алауының эстафетасы өтеді

25 қаңтарда Астанада 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары алауының эстафетасы өтеді.

Алау эстафетасы сағат 11:00-де Назарбаев Университетінен басталып, қала әкімдігінің маңындағы алаңда аяқталады. Алауды белсенді студенттер мен астаналық спортшылар, барлығы 60 адам алып өтеді. Соның ішінде есімдері елге аян Василий Левит, Мадияр Ибрайымбеков, Мөлдір Мекенбаева сияқты спортшылар бар.

Эстафета 2 кезеңге бөлінеді. Ол Қабанбай батыр даңғылы - Достық к-сі - Қонаев к-сі - Бараев к-сі - Республика даңғылы- Кенесары к-сі сынды қаланың орталық көшелері. Алау эстафетасының жалпы ұзындығы - 12 шақырымды құрайды.

Бірінші кезең аяқталысымен «Бәйтерек» монументінің алдында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылады.

Екінші кезеңде алау республикалық штаб өкілдеріне табысталып, 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Универсиаданың ашылу салтанатына қатысу үшін Астана-Алматы әуе рейсімен оңтүстік астанаға жөнелтіледі.

Эстафета кезінде жабылатын көшелер:

"Ұлт ақпарат"