30 мам, 2017 сағат 12:26

Астанада күшті жел соғады

Астана қаласының ТЖ департаменті 30 мамырда елорда аумағында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығына 15-20 м/с күшті жел соғып, ауа-райының күрт құбылуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жел соғады деп күтілуде. Күн райының бұзылуына байланысты ведомства мамандары тұрғындарды бірқатар сақтық шараларын ұстануға шақырады. Екпіні күшті жел соққанда үйдегі немесе пәтердегі терезерлерді мықтап жабу керек. Тереземен қоршалмаған, ашық балкондар мен лоджияларда қатты желден сыртқа ұшатын барлық заттарды алып тастау қажет.

Сонымен қатар, мамандар тұрғындар мен қала қонақтарына жел көтерілгенде далада жарнама құрылғылары мен өзге де ілінетін конструкциялардан, электр желілелерінен, ағаштардан алыс тұруға кеңес береді. Қайғылы жағдайға душар бомас үшін барынша сақ болуға шақырады. Үзілген сымдарға,теңселіп тұрған ағаштардан алыс қашықтықта болу қажет.  

Күшті жел соққанда қала тұрғындары жақын маңдағы ғимараттарды паналауы қажет (бұл - дүкен, кітапхана, сауда үйі, үй подъезі, кинотеатр болуы мүмкін).

Сондай-ақ мамандар тұрғындарды үлкен ағаштардың астында тұрмауға, әсіресе терек ағашын ықтамауды, олардың астына көлік қоймауға кеңес береді. Себебі ағаш құлайды немесе бұталары сынып, қауіп төндіреді. Шіріген, көп жыл тұрған талдардан да алшақ жүру қажеттігін ескертеді.

Елорданың ТЖД мамандары тұрғындардан сақ болуды, әрі төтенше жағдай туындаса, «112» телефонына қоңырау шалып, жедел қызметке хабарласуды  сұрайды.