13 шіл, 2018 сағат 12:41

Астанада ерекше аялдама пайда болды

Астанада Республика даңғылында ерекше аялдама пайда болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Осындай аялдаманың маңынан бірде-бір автобус өтіп кетпес. Атауының өзі айтып тұр ғой! Бас әріптермен BUS деп жазылған. Аударғанда автобус дегенді білдіреді. Өтіп бара жатқан адамдардың барлығына мұнда нені күтудің қажет екені айтылып тұр", - деп жазды Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бибігүл Абыддин Facebook желісіндегі парақшасында.