10 қаз, 2017 сағат 10:41

Астанада екі министрліктің қызметкерлері парамен ұсталды

Астана сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы М.К.Мырзатаевтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті жеңімпаз деп тану үшін және келісімшарт бойынша қаржыны тез аудару үшін мемлекеттік сатып алу қатысушыларынан жүйелі негізде пара алып отырған.

М.К.Мырзатаев кезекті рет 4,3 млн теңге параны алып жатқан кезде ұсталды.

Бұдан бөлек, ол 9 қазанда мердігер ұйымның мүддесін көздей отырып, 1 млн теңге сомасындағы параны ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы Е.Б. Медеубековке тендердің нәтижесін жоққа шығару үшін берген.

Дәл сол күні М.К.Мырзатаев пен Е.Б. Медеубеков ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.