04 қаз, 2017 сағат 12:50

Астанада букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасалды (Видео)

Астанада букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасалды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Видеода  медициналық маска киген ер адам қызметтік бөлмеге кіріп, кеңсе қызметкерін белгісіз затпен қорқытқан. Видеода "деньги" және "стой, не двигайся" деген сөздер анық естіледі. Бірнеше секундтан соң ер адам шығып кетеді. 

Дереккөз мәліметінше, келтірілген залал мөлшері - 700 мың теңге. 

Астана полициясы қарақшылық шабуыл дерегін растады. 

"Осы дерекке қатысты іс ҚР Қылмыстық кодексінің "Қарақшылық" бабы бойынша біріңғай реестрге тіркелді. Күдікті іздестіріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді елордалық ІІД баспасөз қызметі.