10 мам, 2017 сағат 15:49

Астанада бірнеше автобустың бағдары өзгереді

10-15 мамыр аралығында жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылының Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі бөлігі жабылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Осыған орай №№ 10, 12, 27, 37 бағдарлардың қозғалыс сызбасы өзгереді  – «Темір жол вокзалы» аялдамасынан бастап «Кардиологиялық орталық» аялдамасына дейін өзгеріссіз – ары қарай Сығанақ көшесіне оңға – Тұран даңғылына солға – Керей-Жәнібек хандар көшесіне солға – Қабанбай батыр даңғылына оңға - ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша" делінген хабарламада.

Сонымен қатар, №№ 302, 303, 308, 309 бағдарлар келесі сызба бойынша қозғалады - «Кардиологиялық орталық» («Азия парк» ОСО) бастапқы аялдамасы – Сығанақ көшесіне солға – Сауран көшесіне оңға - Керей-Жәнібек хандар көшесіне оңға – Қабанбай батыр даңғылына солға - ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша.