09 қар, 2017 сағат 10:24

Астанада автовокзал миллиард теңгеге сатылып кетті

"Сапаржай-Астана" ЖШС миллиард теңгеге сатылды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Өткен сауда жайлы мәлімет e-auction.gosreestr.kz электронды сауда алаңында жарияланған. Сатушы - "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы. Сауда 7 қарашада басталған. Бастапқы бағасы - 484 359 000 теңге болған. 

Аукцион бағаның өсуі жүйесімен өткен. Қорытындысында баға 1 005 151 125,94 теңге болды.