23 сәу, 2018 сағат 09:44

Астанада аштық құрбандарына орнатылған ескерткіш-мүсін ұрланды

Астанада аштық құрбандарына орнатылған композициялық ескерткіштен ұл баланың қола мүсінін ұрлап кеткен. Полицейлер күдіктіні ұстап, қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Абай-Республика көшелерінің қиылысында орналасқан 1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарына арналған ескерткіштің бір бөлігін ұрлаған күдікті қамауға алынды»,-деп жазылған хабарламада.

ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.