11 қаң, 2018 сағат 13:36

Астанада Аграрлық университеттің шатырын жел ұшырып әкетті (Видео)

Астанада екпінді жел С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бас ғимаратының шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәліметті  университеттің баспасөз қызметі растады. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін, қазір аталған ғимараттың маңайы қоршалған. Жөндеу жұмыстары ауа райы түзелген соң сақтандыру есебінен жүргізілетін болады.

«Сабақ мәселесіне келсек, қазір сессия кезі, толыққанды оқу процесі жүріп жатқан жоқ. Тек, түске дейін студенттер бақылау жұмыстарын  тапсырып, үйлеріне қайтып кетті», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төтенше жағдай жариялағаны хабарланған болатын.