23 қаң, 2018 сағат 12:26

Астанада 30-ға тарта адамды үсік шалды

Аяздың алғашқы күндері елордамызда 30-ға тарта адамды үсік шалды, деп хабарлады қала әкімі Әсет Исекешев. Олардың арасында балалар да бар.

"25 адамды I-II дәрежелі үсік шалған, екеуін — II-III дәрежелі, біреуін —  IV-V дәрежелі. Барлығына медициналық көмек көрсетілді", —  деп жазды Әсет Исекешев.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде алдағы үш күнде аяз күшейіп, орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлерде қаһарына мінеді. Астанада ауа темпертаурасы 45 градус аязға дейін төмендейді.

sputniknews.kz