26 мау, 2019 сағат 17:33

«Астана» президенттік клубы Арыс тұрғындарына бір күндік жалқыларын аударды

«Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының ұжымы Арыс тұрғындарына көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын аударды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Арыс, біз біргеміз!» акциясына қаржылай үн қосу ұсынысын ұжым бірауыздан қолдаған.

«Жиналған қаражат Түркістан облысының Арыс қаласындағы тұрғындарға көмек ретінде жолданып, уақытша баспанамен қамту, тамақ пен киім-кешек үлестіру, қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады», - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.