18 қаң, 2017 сағат 08:09

Астана мен Алматыдағы ХҚКО-лардың жүктемелерін енді онлайн көруге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана мен Алматы қалалары халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жүктемелерін бақылау мүмкіндігін жүзеге асырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Реттеу залы, құжаттандыру және банк кассалары қызметтерінің жүктеме деңгейін көрсететін динамикаға сілтеме мемлекеттік корпорацияның goscorp.kz ресми сайтының басты парағында орналастырылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес» АҚ мемлекеттік қызметтер әдіснамасы және мониторингі департаментінің директоры Гүлжан Асанованың айтуынша, аталған сервис азаматтарға қолайлы болу үшін құрылған және олардың ХҚКО-ға баруын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. «Осы диаграмма бойынша адам мейлінше тез қызмет алу үшін қай ХҚКО-ға бару керектігіне баға бере алады. Яғни, егер оған көші-қон саласы бойынша қызмет керек болмаса, уақытша тіркеу қызметі бойынша қызмет алушылар ағыны көп ХҚКО-ға бару қажет емес, ол келушілер саны аз кез келген басқа орталыққа жүгіне алады» - деп қосты ол.

Сонымен қатар, Гүлжан Асанова әзірге тек Астана және Алматы қалаларындағы ХҚКО-ларда жүктемені көруге болатынын, жақын арада Қазақстанның басқа ХҚКО-ларына келушілер санын бақылау мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті. Ақпарат әр сағат сайын жаңартылатын болады.