13 қар, 2019 сағат 08:10

Астана LRT қар тазалау жұмыстарын ыңғайлы уақытта жүргізуді өтінді

Елордадағы қоғамдық көліктерге жауапты «Astana LRT» компаниясы қар тазалаушы кәсіпорындарға бірнеше ұсыныс жасап отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өз тарапымыздан мынадай ұсыныстарымыз бар: қар жинау жұмыстары бірінші кезекте көлік көп жүретін учаскелерде жүргізілгені абзал. Сонымен бірге, аялдаманың автобус келіп тоқтайтын аумағын қардан тазартуды өтінеміз. Дегенмен, таңғы сағат 08.00-09.00 аралығында қар тазалау жұмыстарын жолдың шеткері немесе жүктемесі аз учаскелерінде жүргізсеңіздер дұрыс болар еді. Яғни таңертеңгі уақытта көлік көп жүретін учаскелерде қар тазаламауды өтінеміз», - делінген «Astana LRT» компаниясының хабарламасында.

Компанияның хабарлауынша, қар жауғанына байланысты қала көшелерінде туындайтын кептелістер қоғамдық көліктің кестеге сай уақтылы жүруіне кедергі келтіреді.