06 шіл, 2018 сағат 08:21

"Астана - қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі" - Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу күллі қазақстандықтардың еңбегі екендігін айтты. Бұл туралы ол Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында орналастырылған видеода мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз Қазақстанды, еңселі елорда - Астананы салдық. Бұл күллі қазақстандықтардың еңбегі. Бұл қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі болды. Сондықтан да мен осы идеяны қолдаған барлықтарыңызға алғыс айтамын. Біз жаңа елордамызды сала алдық, енді оның 20 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Барлық астаналықтарға жақсылық пен береке-бірлік тілеймін», - деді Мемлекет басшысы.