11 қаң, 2018 сағат 09:08

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Аллен Шайжүнісов «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ұлттық компанияның қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

Бұйрыққа ұлттық компанияның басшысы Ербол Шорманов қол қойды.

Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов 2002 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу мемлекеттік  халықаралық қатынастар институтын «халықаралық-заңгер» мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын «экономист» мамандығы бойынша тәмәмдады.

2002 мен 2006 жылдары дипломатиялық қызметте жұмыс істеді. Әртүрлі жылдары Маңғыстау облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партия Орталық аппараты Секретариатының меңгерушісі, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерінде еңбек етті.

2015 жылдан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ілгерілету және туризм департаментінің директоры болып жұмыс атқарды.  

2017 жылдың 6 қарашасында «ЭКСПО-2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары болып тағайындалды.