#
#
Сейсенбі 24/09/2019

«Астана Балет» Ташкентте ұмытылмас концерт өткізіп, өзбек халқының алғысын арқалап қайтты

  • 26.08.2019
  • 0
  • 3860

Жақында Әлішер Науаи атындағы Өзбекстанның Үлкен театрында «Астана Балет» театры ауқымды концерт өткізіп, көрерменнің құрмет-қошеметіне бөленіп қайтты. Әйгілі бале Ариф Меликовтің «Махаббат жайлы аңызы» Ташкент халқын ерекше тамсандырып, театр ұжымы залға лық толған халықтың алғысын арқалап келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Астана Балет» театры еуропалық, керек десеңіз әлемдік деңгейге өтіп кеткен. Бүгін біз нағыз балет қойылымын тамашаладық. Бірінші кезекте мені кордебалет таң қалдырды. Онда барлығы да - өсім мен энергетика керемет үйлескен. Мен Майя Плисецкая билеген Мехменэ Монаны еске аламын. Сіздердің әртістеріңіз өте жоғары деңгейде өнер көрсетеді деп есептеймін», – деді музыкатанушы, Өзбекстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Иннесса Гүлзарова.

«Махаббат туралы аңыз» - әйгілі хореограф Юрий Григоровичтің алғашқы спектакльдерінің бірі. Бұл қойылымда балет өнерін бұрын-соңды болмаған биіктікке көтерген төрт мінсіз компонент бар. Либретто негізінде драматург Назым Хикметтің философиялық пьесасы жатыр. Ал, ерек сценографияны Симон Вирсаладзе жазып шыққан.

Ал Ташкент мемлекеттік жоғары ұлттық би мен хореография мектебінің ректоры Шухрат Тухтасимовтың айтуынша, кез келген балеттік труппа мұндай спектакльды бағындыра бермейтінін айтады.

«Бүгін «Астана Балет» театрында өнер көрсететін әртістердің керемет қадамын көріп отырмыз. Труппа 100 пайыз хореографиямен айналысады. Өйткені ол Қазақстаннан келеді, спектакльдің Шығысқа тән бояуын бере алады», - дейді ол.

Сюжет көне шығыс аңызынан алынған. Апалы-сіңлілі Мехменэ Бану мен Шырын Ферхад атты бір суретшіге ғашық болып қалады. Шырын әдемі жігіттің жүрегін бірден жаулап алады да, Мехменэ Бану сезім сергелдеңіне түседі: себебі, бір кездері ол әпкесінің өмірін құтқару үшін өзінің сұлулығын құрбан еткен-тін. Ғашықтар сарайынан қашып кеткендерді ауыр сынақ күтіп тұр еді. Алайда Ферхад халықты құтқару үшін өзінің махаббатын құрбан етеді.

Юрий Григоровичтің хореографиясында ойдың керемет күші, бояулардың көп қабаттылығымен ұштасқан тілдің бір мағыналы айшығы бар. Спектакль көрерменді бір демде өзіне тартып алып, көпшілік әртістердің әр қимылына көңіл бөліп отырды.

«Астана Балет» тамаша әсер қалдырды. Барлық драмалық желі керемет ашылған. Солистерге төзімділігі үшін ерекше рахмет айтып қоялық, өйткені Григоровичтің хореографиясы ерекше ауыр. Фархад өте батыл. Менің ойымша, барлық әйелдің жүрегін жаулаған секілді. Біз келгенімізге өте қуаныштымыз, әртістеріңіз керемет шабыттандырды», - деді Әлішер Науаи атындағы Өзбекстанның Үлкен театры жетекші солисті Надира Хамраева.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар