20 там, 2018 сағат 16:30

Астана автобустарында жолақыны SMS арқылы төлеуге болады

Астанада қоғамдық көлік жолақысын төлеу үшін кобрендингтік банк карталары мен  SMS-төлем енгізіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Астана LRT» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жақын арада кобрендингтік карталарды шығарамыз. Осы арқылы жолаушы екі картаның орнына бір картамен жүру (қосарлы чип) мүмкіндігіне ие болады. Қолданушыға көлік картасын сатып алу міндеттелмейді. Әрбір жолаушы өз банкіне барып, қосарлы карта ала алады», - деп хабарлады Астана LRT.

Пилоттық жоба аясында алғашқы 3-5 мың карта Еуразиялық банкпен бірлесіп шығарылмақ. Алдағы уақытта басқа банктерде де іске қосу жоспарланып отыр. Одан бөлек, жақын арада қоғамдық көлік пайдаланушылары көлік картасын ұялы телефон арқылы қашықтан толтыру мүмкіндігіне ие болады.

Beeline және Kcell / Activ ұялы байланыс операторларының абоненттері көлік картасының нөмірін және қысқа нөмірге төлем сомасын көрсете отырып, балансты толтыра алады. Бұл қаражаттар телефон балансынан карта балансына көшеді.

Сондай-ақ, Beeline пен Kcell / Activ сайттары (www.beemoney.beeline.kz және www.mobimoney.kz) арқылы, соның ішінде ұялы қосымшалар мен порталдардың мобильді нұсқалары арқылы көлік картасын толықтыруға болады. 

Қашықтықтан толтыру үшін:

- «Еуразиялық банк» АҚ интернет-банкингі - smartbank.kz;

- «CapitalBank Kazakhstan» АҚ интернет-банкингі - b1nk.kz;

- «Еуразиялық банк» АҚ терминалдары қолжетімді;