#
#
Сейсенбі 10/12/2019

«Астана» арнасындағы әр бағдарлама Абай шығармашылығымен ұштастырылмақ

  • 11.11.2019
  • 0
  • 126

«Астана» телеарнасы жаңа маусымын бастады. Енді әр бағдарламаның роликтері Абайдың шығармашылығымен ұштастырылатын болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Абай әлемі - ақылдың кені!» «Астана» арнасы осындай ұранмен ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын атап өтуді бастап кетті. Осылайша, арна ұжымы Абай шығармаларын жас ұрпақ бойына сіңіруге, қадір-қасиетін түсіндіруге атсалыспақ. Себебі "өзі өлсе де, артында өлмейтұғын із қалдырған" ақын шығармашылығы халық жүрегінен еш өшпек емес», - делінген таратылған хабарламада.

Атап өтілгендей, 11 қарашадан бастап телеарна жаңа форматты іске қосты. Яғни, стилистикасы өзгерді. Логотипі мейлінше қарапайым әрі тартымды үлгіге ауыстырылып, әр бағдарламаның роликтері хәкім Абайдың шығармашылығына байланыстырылып, көрермен назарына ұсынылатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар