31 нау, 2017 сағат 19:01

«Астана арландары» vs «Uzbek Tigers». Ташкенттен фоторепортаж

1 cәуір күні Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында (WSB) «Астана арландары» мен «Uzbek Tigers» арасында өтетін жекпе-жек алдында баспасөз конференциясы өтті. 

Астана арландары осы маусымда қатарынан төрт кездесуде де жеңіп, өздерін плей-офф кезеңімен қамтамасыз еткен болатын. Соған қарамай құрама бапкері А. Нұрлан негізгі құраммен келгендігін айтты. Сондай-ақ, «Егер біз ертеңгі болатын кездесуде жеңіп жатсақ, келесі, қытайлықтармен кездесуге екінші тізімді құрамамен шығуымыз мүмкін», - деді.

«Өзбек жолбарыстарының» бұл кездесуді жеңіспен аяқтауды мақсат еткені күмәнсіз. Оған мына тізімдегі құрам дәлел болатын секілді.  

Жекпе-жекке қатысатын боксшылар тізімі:

46 - 49 келіде: Рио-2016 олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов vs Теміртас Жүсіпов

56 келіде: Абдулхай Шорахматов vs Ильяс Сүлейменов

64 келіде: қандасымыз Елнұр Абдураймов vs Ділмұрат Мижитов

75 келіде: Исроил Мадраимов vs Сапарбай Айдаров

91 келіде: Зухриддин Махкамов vs Антон Пинчук

Ертеңгі болатын кездесуге «Өзбек жолбарыстары» сардары Хасанбой Дусматов өз пікірін білдірді: «Бұл кездесу біздер үшін өте маңызды, әрине, рингке жеңіске жету үшін шығамыз. қарсыласымды жақсы білемін. Олда мені жете таниды. Бұл - екеуміздің осымен төртінші кездесуіміз».

Естеріңізге сала кетсек, «Астана арландары» алғашқы кездесуде «Өзбек жолбарыстарын» 4:1 есебімен  жеңген-тін. Кездесу ертең, яғни, сәуірдің бірі күні Астана уақытымен 20:00-де Ташкентте өтеді. 

 

Нұрғиса КАМАЛБЕК,

Ташкент қаласы

Ұлт порталы