09 қаң, 2017 сағат 11:06

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары уақытша тіркеуден кез келген ХҚКО-дан өтулеріне болады

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қолайлылықтары үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеуден жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне қарамастан тіркелулеріне болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егер бұған дейін бұл үш қаланың көші қон полициясының қызметі бойынша ХҚКО-ға өз ауданы бойынша жүгінуі керек болса, қазір уақытша тіркелуді олар өздеріне қолайлы бөлімнен жүзеге асыра алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша, бұл азаматтарға уақытша тіркеу процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді. «Астана, Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалалардағы тұрғындарға жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келетін. Мысалы, пәтер Есіл ауданында орналасқан болса, онда Есіл аудандық ХҚКО-ға бару керек еді. Енді бұл қалалардың тұрғындары көші қон полициясы қызмет ететін кез келген ХҚКО-ға баруларына болады», - деп түсіндірді Еренчинов.

Естеріңізге сала кетсек, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және құжаттандыру бойынша қызметтерді азаматтардың қолайлылықтары үшін республика бойынша 240 халыққа қызмет көрсету орталықтарында отырған, көші қон полициясы қызметкерлері көрсетеді.