#
#
Сейсенбі 23/04/2019

Астана әкімдігі "времянкалардың" мәселесін шешуге уәде берді

  • 07.02.2019
  • 0
  • 443

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов "времянкалар" мен тұрмысы нашар көпбалалы отбасылар мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді.

"Проблемаларды анықтау үшін қазір қала шеттеріндегі ауылдарда түгендеу жүргізіліп жатыр, бұл мәселеге біржақты қарауға болмайды", - деді қала басшысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі коллегиясының отырысынан кейін.

Әкімдік "Нұрлы жер" аясында бірнеше бағдарламаланы біріктіру арқылы кешенді шешім қабылдау туралы мәлімдеді.

"Белгілі бір ресурстар бар. Мысалы, ескі үйлерді бұзу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, қазір алданып қалған үлескерлердің мәселесін шешуге қаражат бөлдік, біз осы ресурстармен қатар "Нұрлы жер" аясында баспана салу бағдарламасын біріктіре отырып, қала шетіндегі проблемаларды шешіп жатырмыз", - деп атап өтті Сұлтанов.

Осы бағыттағы жұмыс алға ілгерілеуі үшін, әкімнің пікірінше, төлеу қабілеті мен әлеуметтік жәрдем көзқарасы тұрғысынан қарастырып, жұмыспен қамту жол картасы, жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсету және басқа да бағдарламалармен біріктіріп жан-жақты қарастыру керек.

Үкіметте құрылған жұмыс тобы бірқатар ұсыныстар жасайды. Әкімдікте де комиссия мен жұмыс топтары құрылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар