11 сәу, 2019 сағат 14:06

Ассамблея – Елбасы идеясының жемісі

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында халықтар бірлігі мен достығының арқасында тұрақтылықты сақтап келеді. Этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше. 

Ассамблеяны құру идеясын алғаш рет Елбасы 1992 жылы өткен Қазақстан халқының тұңғыш форумында айтты. Форум жұмысында Мемлекет басшысы дамыған елдер қатарына қосылу үшін ел тұрғындары бай, әл-ауқаты жоғары өмір сүру деңгейіне жету үшін халықтың ынтымағы, бірлігі мен татулығының негізгі рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналды. Елімізде тұрмыс кешіп жатқан барлық этностың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рөлге ие бірден-бір ұйым болып отыр.

Халық үшін бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ. Осы орайда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің басын бір шаңырақ астында біріктіріп отырған Қазақстан әлем елдері үшін де үлгі.

Светлана КРЮГЕР,
неміс этносының өкілі.
Қызылорда қаласы.