02 қаз, 2016 сағат 08:04

Әскери-патриоттық әндер байқауы өтеді


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы – Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне I Республикалық әскери-патриоттық әндер конкурсы өтетінін хабарлайды. Конкурс екі номинация бойынша өтеді.

1. Отан қорғаушыларының жағымды бейнесін ашатын  ҚР ҚК туралы беделдік әндер.

2. Әскер түрлері мен саптық әндер.

Конкурсқа қатысушылар төменде көрсетілген құжаттарды 2 конвертте тапсырулары қажет:

Конверт №1:

        -   ноталық клавир (5 дана);

        -   шығарма мәтіні (5 дана);

        - шығарманың МР3 форматындағы (плюс). СД диск немесе флешкаға жазылған дыбыстық нұсқасы болмаған жағдайда әннің нотасы мен мәтінін жіберуге рұқсат етіледі.

Конверт №2:

 -  жеке куәлігі немесе төлқұжатының көшірмесі;

 -  білімі туралы дипломның көшірмесі;

 -   қатысушының (Ереженің №1 Қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі) өтінімі;

 - ҚР авторлық қауымдастығының шығармаға авторлық құқығын растайтын анықтамасы.

 

Конверттердің алдыңғы бетінде төмендегі жазбалар көрсетілуі тиіс:

- Конкурс атауы «Қазақстан Республикасы Президенті - ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың  жүлдесіне 1-ші  Республикалық әскери-патриоттық  әндер конкурсы»

- Конкурс номинациясы

- Шығарма девизі.

3.2. Іріктеу кезеңдерінен өткен авторлар мен қатысушылардың және жүлделік орындарға үміткерлердің екі жаққа барып, қайту жол шығындарын жіберіп отырған мекеме немесе қатысушылардың өздері төлейді.

3.3. Әділқазылар алқасы мүшелерінің жол шығындары, жатын орындары мен тамақтануы ұйымдастыру комитеті есебінен болады.

3.4. Ұйымдастыру комитеті тарапынан қатысушылардың гала-концертте өнер көрсеткендері үшін гонорар төлеуі қарастырылмайды.

3.5.  Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген құжаттар қабылданбайды.

 

4. Марапаттау шарттары

4.1. Отан қорғаушыларының жағымды бейнесін ашатын ҚР ҚК туралы беделдік әндер.

    - Гран – при (ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының жүлдесі);

    - 1 орын;

    - 2 орын;

    - 3 орын;

    - 2 дипломант:

    а)  көрермен көзайымы жүлдесінің иегері.

    б)  «Үміт»  жүлдесі.

4.2. Әскер түрлері мен саптық әндер 

          1-орын;

          2-орын;

          3-орын;

          2 дипломант:

         а)  көрермен көзайымы жүлдесінің иегері.

         б) «Үміт» жүлдесі.

 

Байқауға қатысу үшін құжаттар  2016 жылдың 1 қыркүйектен 25 қазанға дейін Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы 2, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, ұйымдастыру комитеті 205 кабинетке жолдануы қажет.

Байланыс тел.: 44-25-63, 8701 825-92-80 Бақытжан Алдауов, e-sarbaz01kz@mail.ru.