07 сәу, 2020 сағат 14:39

Әскери міндеттілер су тасқынымен күреске жұмылдырылуы мүмкін

Әскери міндеттілер су тасқынымен күреске жұмылдырылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қажеттінің барлығы - техника да, адам да бар және олар жұмыс істеп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Талапкер елді мекенін де қаперден шығарған жоқпыз. Талапкер де, барлық елді мекен де бақылауда тұр», - деді комитет төрағасы онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Сонымен қатар, ол арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілер де қажет болған жағдайда су тасқынымен күрес жұмыстарына жұмылдырылуы мүмкін екендігін жасырмады. 

«Егер мұндай қажеттілік туындайтын болса, әрине, біз олардыда жұмылдыратын боламыз. Әзірше оның қажеттілігі болмай тұр. Өзіміздің де қолымыздан келіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс органдарының бөлімшелері, Ұлттық ұлан бар», - деді Владимир Беккер. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған болатын.