#
#
Бейсенбі 12/12/2019

Асқар Жұмағалиев ақпараттық жүйелерді біріктіру процесін жеделдетуге шақырды

  • 10.09.2019
  • 0
  • 1426

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мемлекеттік органдарды ақпараттық жүйелерді біріктіру процесін жеделдетуге шақырды.

Оның айтуынша, бұл азаматтардың мемлекетпен өзара байланысының тиімділігін жақсарту үшін қажет.

«Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет саласы түбегейлі өзгерді. Көп нәрсе жасалды және бұл адамдардың өмірін жеңілдетеді. Мемлекеттік органдар бұл бағытта үлкен жұмыс жүргізді. Бірақ бұл кешегі жеңіс. Уақыт өзгереді, әрі қарай қозғалыс керек. Көптеген міндеттер бар. Сондай-ақ, осы кезеңде жүйелерді біріктіру процесі жүзеге асады. Біздің министрлік бұл үдерісте байланыстырушы десек болады. Біз қызметтерді eGov порталында бастаймыз. Бірақ мемлекеттік органдар өз жүйелері бойынша барлық біріктіру жұмыстарын өздері жүргізеді. Жыл соңына дейін бекітілген жоспар бойынша 18 мемлекеттік орган 196 интеграциялау процесін аяқтауы тиіс. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттік органдар өз жүйелерін пысықтап, басқа ведомстволармен деректер алмасатын жүйе қосу қажет. Жалпы  бұл eGov порталындағы қызметтер санын арттыруға, оларды көрсету мерзімін және қажетті құжаттар санын қысқартуға, сондай-ақ белсенді сервистерді іске қосуға мүмкіндік береді», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Бұл ретте, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар жүзеге асып жатыр.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта егер бір азамат тегін өзгертетін болса, жылжымайтын мүлігін де қайта тіркеуден өткізуі керек. Сонымен бірге көше атауы өзгерген жағдайда тұрғын үй иелері қайта тіркеуден өтуі керек. Ал бұл процестер адами фактордың көмегінсіз автоматты түрде болуы керек.

«Біріктіру үдерістері аяқталып, заңнамаға өзгерістер енгізілген соң жыл соңына дейін осындай мүмкіндіктер пайда болады», - дейді Асқар Жұмағалиев.

Сондай-ақ, министр мемлекеттік органдар биыл жоспарланған 196 біріктіру жұмысының 69-ын аяқтағанын және 127-і әлі де жүзеге асып жатқанын атап өтті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар