28 мау, 2019 сағат 08:40

Асқар САБДИН: «Сирияға кеткендердің көбі ауқатты отбасынан шыққандар»

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 30-дан астам терракт орын алған. Оның барлығы басқа себептермен емес, діни мотивтерімен жасалған терракт. Яғни діни ниетпен, діни мақсаттармен жасалған. Осыған қоса, елімізде 2006 жылдан бастап мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр. Жуырда «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ директоры Кәкімжан Бишманов ұйымдастырған семинарға қатысып, жазасын өтеушілермен жұмыс істеп жүрген теолог, Діни экстремизмге қарсы орталықтың директоры Асқар Сабдиннен көпшілікті мазалаған сауалдарға жауап алдық.

– Асқар Кәлімжанұлы, «Жусан» операциясы аясында елге оралған азаматтардың қазіргі жағдайы қалай болып жатыр?

– Қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы  өзім 600-ден астам террористпен жеке кездескенмін. 800-ден астам адамымыз қақтығыс елдеріне кетіп қалды, оны да ресми деректерден көре аласыз. Ресми органдардың берген мағұлматы бойынша, қазір 500-ден астам адам «Жусан» операциясының аясында елге қайтарылды. Солармен мамандар жұмыс істеп жатыр. Жалпы бұл діни радикализация, діни диакализация  деген үлкен құбылыс, үлкен бағдарлама бар.

– Оралғандардың арасында оқиғасымен бөлісетіндер, шын өкініп, оңалтуға көнетіндер бар ма?

– Мен түрмелерде қайтарлыған еркектермен де, әйелдермен де жұмыс істеп жүрмін. Олардың 90-95 пайызы «Халифатқа барамыз, Халифаттың ішінде өмір сүреміз» деп ИГИЛ-ге қосылған. Бұл жерде геосаяси себептер де бар. Қазіргі жастарымызды құртып жатқан діни радикалды идеология. 

ИГИЛ-ге барып келіп, жазасын өтеп жатқан бір азамат бар. Жасы 55-тен асқан, жоғары білімді, заңгер. Отбасы, балалары, немерелері бар. Материалдық жағдайы өте жақсы. Бірақ Сирияға барып 7 ай соғысып келген. Біз барып, көзбен көріп келгендермен әңгімелесімз. Соны кейінгілер білсін, сабақ алсын, видео түсірейік десек, көбісі келіспейді. Олар ( ИГИЛ-діктер – ред) тауып алып, өлтіреді деп қорқады. Жоғарыда айтқан кісі бәрін ашық айтты. Ол қателескені үшін өкінбейді, ендігілердің қателескенін қаламайды. Кейіпкеріміз «менің ол жақтан қайтуыма үш себеп болды» дейді. Бірінші себеп – ол жердегі зорлық-зомбылық. Қарсыластарды өлдірсе, ішкі органдарын жұлып алып соны жейді, қолында қандай қару болса да адамдарды бауыздай береді, адамдарды суға батыру, отқа күйдіру, бәрі бар дейді. Екінші себеп – Халифаға барған соң мен ант бергім келді дейді. «Бірақ мен 7 ай жүрсем де менен ант алған жоқ. Мен барып ИГИЛ-дің басшысына ант бергім келді. Біз соғысып жүрміз, бірақ бізден ешкім ант қабылдамады. Осыдан екінші күмән басталды» дейді. «Үшінші себеп – бірде бір сауатты адам жоқ. жазған сөздері, шығарған ұрандары бәрі-бәрі өте сауатсыз. Содан мен негізі Халифатқа емес, кілең надандардың ортасына түсіппін ғой деп, Қазақстанға өз еркімен қайттым» дейді. Бұл кісі келіп өзін өзі тапсырған. Қазір 8 жыл алған жазасын өтеп жатыр. Бұл бір мысал.

Бұл кісі стереотиптерді жоятын кісі. Жас бала емес бұл, білімі жоғары, заңгер, 14 жыл астанада нотариус болған. Кеңес үкіметі кезінде тәрбиеленген адам. отбасылық және мал-мүлікпен ешқандай мәселелері жоқ.

Көрдіңіз бе, мұның бәрі «қазіргі жастар, білімі жоқтар, жұмыссыздар, әлеуметтік жағдайы төмендер адасып жатыр» деген түсініктерді жоққа шығарады.

Бұл жерде сіз нені байқадыңыз? Иә, діни білімі жоқтығы. Қазіргі қоғамда мынадай вирус тарап жатқан кезде, діни білім дінтанушылық, исламтанушылық білім болу керек. Бізде осы тақырып бойынша мемлекет құрған ресми сайттар бар. Онда дұрыс ақпараттың бәрі берілген. Сол үшін ресми сайттардың ғана материалдарын оқып, танысу керек.

Біздегі сотталғандар террористердің 39 пайызы интернеттің себебінен сотталған. Интернеттің сайттарына кіріп бөліскен, Вконтактіге жіберген, ватсап желісіне таратқан. Тағы 16 пайызы басынан зақып алған. Зерттеушілер олардың басының ішінен зақып алып, асқынғандар немесе психикалық ауруханада бақылауда тұрған адамдар.

– Демек, интернет мәселесі күрделі болып тұр ғой?

– Қазіргі таңда интернетте бәрі ашық тұр. Мәселен, террористік ұйымдарды насихаттайтын бір сайт шақы жұмыс істейді, Қазақстан территориясында. Сіз оны ашсаңыз немесе сілтемесін бөлісіп, біреуге жіберсеңіз, сотталып кетуіңіз мүмкін. Біз ол сайтты жабу туралы орталыққа үнемі айтамыз, жабуға қанша тырыстық, бірақ мүмкін болмай жатыр.

Сирияда бір-біріне қарсы соғысып жатқан 11 мұсылман ел бар. Оның бәрі 5 уақыт намаз оқиды, ораза ұстайды, зекет береді. Оның ішінде ИГИЛ (қазір ол құрып кетті), әл-Каида, Ахрам Ұшам, Суфр Ұшам, т.б. бар, бәрі мұсылман, бірақ бір-бірін өлтіреді. Тіпті сумиттер сумиттермен соғысып жатқан жағдайлар бар. Сирияда сумиттік бағыттың ішінде бір бағытта болған сәләфилер бір-бірімен соғысып жатыр. Енді мұның иделогоиялық құралдары қайда?

Бізде әртүрлі жамағатта жүрген адамдар бар, бірақ олардың 90 пайызы ИГИЛ-де (ДАИШ) болды. Қазір ИГИЛ-дер Ауғанстанға қарай ығысты, сондай қарай көшіп жатыр. Бізден кеткен еркектердің 95 пайызы сол жолда жан тапсырды, әйелдері мен балалары және бірнеше еркек елге қайтарылды. Қазір солармен жұмыс істеп жатырмыз.

Интернет мәселесі – үлкен мәселе. Халық арнайы сайттарға кіріп емес, гуглге жазып қарайды. Ал интернетте бірінші ресми ақпараттар емес, дұрыс емес бағыттағы ақпараттар беріледі.

Гуглге немесе ютубқа кіріп уағыз іздесеңіз, дұрыс емес бағыттағы уағызшылардың видеолары мыңдап шығады алдыңыздан. Бір ғана мысал, Мақтаарал ауданындағы Фирдауси ауылында Махсуд Ғарифулланың (теріс ағымдағы уағызшы – ред) екі күндік семинарына қатысқан 40 жігіт сотталып кетті. Интернеттегі теріс ақпараттар мен ютубтағы бұрыс уағыздарды бұғаттауға біздің күшіміз келмейді. Бізде ондай техникалық мүмкіндік жоқ. немесе Қытай елі сияқты интернетте көп нәрсені бұғаттау керек болады, ол кезде гугл да, ютуб та, тіпті фейсбук, Whatsapp желісі де істемей қалуы мүмкін. Бұл мәселе Ұлттық қауіпсіздік комитетіне дейін жеткен мәселе, бірақ, өкінішке қарай, қолдан келер қайран болмай тұр.

– Жалпы діни радикализммен күресудің қандай жолдары бар?

– Дәл қазір бұл діни радикализммен күресуде екі әдіс бар.  Бірінші әдіс – бихералистік ұстаным. Яғни адамның тек қана полигениясына, іс-қимылына қарайды. Егер адамның іс-қимылында бір заң бұзушылық, бір теріс әрекет болмайтын болса, оған радикал емес деп баға беріледі. Бұл батыс елдерінде көп қолданылады.

Екінші – фриттік бағыттағы әдіс деп  аталады. Бұл Адамның санасымен, құндылықтарымен, ниетімен, мотивтерімен, ұстанымдарымен жұмыс істеу. Яғни адамның ішіндегі діни радикалдық идеологиямен жұмыс істеу. Бұл мұсылман елдерінде қолданылып жатқан әдіс. Яғни адамның басындағы редикалдық бұтақтармен емес, тамырлармен жұмыс істеу. Терракт тікелей адам жарылған  кезде, біреуді өлтірген кезде, қақтығыс жерлерге кеткен кезде сол тамырдың берілген жемісі. Ал негізгі себебі оның идеологиясында жатыр.

Жалпы деррарикация ісінде үш негізгі категория бар. Діни радикализм мен діни психологияда объект деген ұғым бар. Объект – радикалды ұстанымды ұстанушы адам. Ол кім, оны қалай танимыз, қайдан біле аламыз, ол бір мәселе. Екіншісі – субъект. Бұл мәселе адамды кім оңалта алады деген сұрақ төңірегінде. Субъектке БҰҰ-ның берген анықтамасы бар, бірақ ол ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген. Кейбіреулер субъект ретінде психолог қана болсын, солар ғана жұмыс істесін дейді. Мәселен, қазір «Жусан» операциясымен келген кісілермен психологтар ғана жұмыс істеп жатыр.

– Тағы кімдер субъект бола алады?

– Түрлі ағымдарға алданған адамдарды оңалту жұмыстарында оларға әсер ете алатын мамандар: педагог-мұғалімдер, құқық қорғау органдары, теологтар мен дін танушылар. Діни тұрғыдан бұлар адамды оңалтады.

Келесі субъект – адамның отбасы. Радикалды оңалтатын оның отбасы, ата-анасы, әйелі (немесе күйеуі), балалары, туыстары мен достары.

Тағы бір субъект – БАҚ өкілдері. Себебі қоғамда тараған ақпараттарға дер кезінде жауап беру, бақылау мен сүзгіден өткізу БАҚ өкілдерінің жұмысы. Сондықтан бұл топты да субъектке жатқызуға болады деп ойлаймын.

– Білуімізше, радикалдар түрмеде ғана емес, ішімізде, арамызда да бар ғой?

– Мен сізге айтайын, біздің ресми органдар бір жылдары біздің қоғамда 14 мың радикалдар бар деді. Қазіргі деректер бойынша, 20 мыңға жуық. Бұлар түрмеде емес, бостандықта жүргендер.

Діни эксперимизм-терроризм саласындағы көп терминдер құқықтық терминдер емес, релогиялық термин. Бізде көп адам шатастырады. Релогиялық категория бөлек. Мысалы, секта деген сөз заңда жоқ, ол тек дінтануда бар. Ал бізде секта деген сөзді заңнан тапқысы келеді. ДРТ да заңда жоқ, ғылыми, релогиялық термин. Мен дінтану тұрғысынан бір нәрсені түсіндіруге тырысамын, кейбір адамдар оны құқық тұрғысынан  түсінгісі келеді. Ол құқықта жоқ. 

ДРТ деген ұғым бар, деструктивті діни ағымдар. Оның өкілдері біздің Қазақстанда 20 мыңға жуық адам бар деп ресми деректер айтып жатыр. Олар міне міне арамызда жүр. Маған кейде әкесі баласын «мына балама бір нәрсе болды» деп алып келеді. Кейде әйелі күйеуін,  кейде күйеуі әйелі алып келеді. Әкесі айтады «бала интернетте 4-5 күн бір нәрсе оқыды, сосын жоқ боп кетті» дейді. Сосын баласын іздейміз. Бір мысал берейін, Ақтөбе қаласында 2011 жылы 7 сыныптағы бала бала жоғалып кетті. Мектептің мұғалімдері, учаскелік полиция, ата-анасы, бәрі іздеп жүр. Кейін баланы «Батыс» деген базардан тауып алдық. Сотовый телефон жөндейтін кісінің көмекшісі болып жұмысқа кірген. Үйіне апарып, «сен неге үйіңнен кеттің?» десем, ол бала жылап «менің ата-анам кәпір. Мен олармен бірге тұра алмаймын, олар ширк жасайды» дейді. Ширк деген – Аллаға серік қосу. Сонда сенің мамаң не істейді деп сұраймыз ғой, ол «менің ата-анам қайтыс болған адамдарға құран бағыштатады» дейді. Құран оқып, оны өлген адамдарға, ата-бабаларға бағыштауды кешірілмейтін үлкен күнә етіп құйған баланың миына. Содан кейін арада жылдар өтіп, ол бала 17 жасқа толған кезде 2016 жылы Ақтөбеде терракт болады. Оразадан бір күн бұрын үлкен терракт жасалды. Әлгі бала соған қосылған.

Мына объектен негізгі проблема – идеология. Бұл идеология телефонға жүктелген программа сияқты. Идеология жүктелді ма, ол адам радикалды болып кетуі әбден мүмкін. Ол қанша жерден мықты, дөкей, бай болса да, оның ақшасы, дүниесі оны идеологиядан сақтай алмадйы.

– Бұл мәселеде көп жерде экономикалық жағдайды дұрыстау керек, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққандар ондай жолға тез түседі деген түсінік бар ел арасында.

– Ондай түсініктің қалыптасқаны рас. Бірақ, Сирияға кеткендердің 80 пайызы әл-ауқаты мықтылардың балалары.

Бұл жерде ең бірінші мәселе – идеолгия. Идеологияның күшін ешқашан жоққа шығаруға болмайды. Мысалыға Гитлерді алайық. Неміс халқы философиясы мықты, Гетесі, Канты, Нищесі бар. Тұрмыс жағдайы, салт-дәстүрі, діні бәрі бар, қалыптасқан. Бірақ бір адам бір өзі келді де 8 млн халықты өз минитнгісіне тұрғызды. Сонша халық Гитлердің идеологиясына сенді. Тура сондай, қазіргі діни фашизм мұсылмандардың арасына тарап жатыр. Діни фашизм деген не?

Мысалы, бір адам келеді да, мен мұсылманмын, сен кәпірсің, ол муртад, анау андай, мынау мындай деп бөліп, өзінен басқа мұсылман жоқ етіп қояды. Керек десеңіз, олар имамды да адасқан дейді. Мұндай сөздердіДРТ мүсесінің аузынан естисіз.

Радикалдарға әсер ететін негізгі субъект болу үшін адамда құзірет болу керек. Яғни психологиялық құзірет. Мысалы біз радикалдармен сөйлескен кезде, олар бізді қорқытқысы келеді. Кейде біз көзбе көз соғысып отырамыз. Кейде ол менің көзіме көзімен бақырайып қарап отырады, көзін жұмбайды, кірпік те қақпайды. Ал сіз көзіңізді жұмып немесе қарағыңыз келмесе жеңілдіңіз деген сөз. Кейде сондай құзірет келеді. Сіз де бетіне бадырайып қарап отырасыз.

Қазір радикализмнің ұстанатын үш ұғымы бар. Біріншісі – заңды категория. Екінші – діни категория. Үшінші – қылмыс әлемінің категориясы. Мен діни категорияны жақсы білем ғой. Ол маған заңды категорияны қарсы қолдануды бастайды. Менімен әңгіме заңды категорияда жүре бастайды. Мысалы, мына құқық қолрғау органдары келді ма, онымен ол бандитше (қылмыс әлемінің категориясы) сөйлеседі. Ал бандиттермен кездесе ма, онымен дін категориясымен сөйлеседі. Әрбіреуіне бөлек категория қолданады.

– Сонда адасқандардың басым көпшілігі діни білімнің жоқтығынан адасады ғой? Оларды тоқтатудың амалдары жоқ па?

– Жоғарыдағы кісі кімді тыңдады, білесіз ба? Ол Ринат пен Башпаевты тыңдағанын айтты. Бұл екі жігіт сәләфиттік бағыттың көсемдері болып есептеледі. Бір қызығы, екеуі де ИГИЛ-ге, терроризм-экстремизмге қарсы уағыз айтады. Ринат та, Башпаев та Павлодардың түрмесінде отыр. Және «Біз Президентті сүйеміз, Президент үшін дұға етеміз» дейді. Енді осындай адамды тыңдаған адамдар неге  осы ИГИЛ-ге барады? Олардың барлығының отақ мәселелсі – біз мына террористке диагностика жүргіземіз. Қандай кітаптарды оқыдың, қандай уағызшыларды тыңдадың, Құраннан қанша аят білесің, қанша сүре, қанша хадис білесің, бәрін исламтанушылардың әрбір саласынан сұраймыз. Сол кезде 99 пайыз біздегі террористер мына кітаптарды оқыдық дейді. Бұлар террорлық кітаптар, бұлар біздің мемлекетте тыйым салынған кітаптар:

  1. Үш негіз
  2. 4 қағида
  3. Китауит-Таухид
  4. Каид-Лубхад

Бұл кітаптар телефонға жүктейтін эйпл стор мен плей маркетте де бар, сол екеуіне кіріп «Три основы» деп кірсеңіз, 50 шақты приложение шығады. Бұл кітап Қазақстанның бес сотының шешімімен тыйым салынған. Соған қарамастан, эйплде, плей маркетте, ютубта тұр, ал біз қалай бөгет боламыз, қалай тоқтатамыз?  

–  Демек бұл кітаптар кәдімгі тор сияқты ғой?

–  Иә, кәдімгі тор. Твиттердегі 50 мың ИГИЛ-дің адамдарының акаунттарына анализ жүргізген. Сол кезде барлығы неден басталады, білесіз ба? Барлығы таухид деген ұғымнан бастайды. Таухид деген жаратушыны бір деп білу. Идеология осыдан басталады.  Одан кейін екінші негізге кетеді. Егер сен бұл таухидті дәл біз қабылдағандай қабылдамасаң, сен такфирге (кәпірге) ұшырайсың дейді. Кәпір болған соң біз сенің малыңды тартып ала аламыз, сені өлтіре аламыз дейді. Ал үшінші қадам – джиһад. Бұл жерге түскен адам мүлде шыға алмайды.

Мысалы, сіз мұсылмансыз. Бірақ сіз оны сәләфиттер түсінгендей таухидті түсінбейсіз. Ата-бабаларымыз түсінгендей, біздің Ханафи масхабта қалай жазылғандай түсінесіз. Ол сізге айтады, сіз мұсылман емес, кәпірсіз дейді. Кәпір болған соң сізге джиһад жариялайды. Джиһад жариялаған соң сіздің мал-мүлкіңізді тәркілеуге, сізді өлтіруге құқығымыз бар деп шығады. Бұл «Үш негізден» бір мысал.

Тағы бір тор бар: қайтадан таухидтен бастайды. Таухид жаңағы кітаптардың барлығының бірінші бастамасы.  Одан кейін сізге таухидпен өмір сүруіңіз үшін, нағыз мұсылман болуыңыз үшін сіз хиджра жасауыңыз керек дейді. Хиджра деген – көшіп кету. Сіз қайда көшіп кетуіңіз керек? Мүмкіндігінше Халифатқа көшуіңіз керек. Содан сіз Вазилистан, Пакистан, Сирияға қарай көшіп кетесіз. Көшпесеңіз кәпір боласыз. Сіз көшпедіңіз, сіз кәпірсіз. ИГИЛ солай жариялады. Кім бізге көшпейді, адасқан кәпірлер дейді. Мұндағы идеология – мүмкіндігінше бала-шағамен көшіру, сонда кері қайтуыңыз қиын. Жеке басыңыз барсаңыз, қашып кете аласыз. Байланыс керек қой, өзі қашып кетсе де бала-шағасы қалады.

– Біздің елден кеткендер де бала-шағасымен аттанғандар екенін білеміз?

–  Рас, біздің қазақтар да міндетті түрде баламен кеткен. Олар «Мұхаммед пайғамбар да, сахабалар да, біздің ата-бабаларымыз да соғысқан. Кешегі 70-80 жыл бұрын менің атам да соғысты» дейді. Бірақ Пайғамбардың өмірінен  немесе сахабаның өмірінен, немесе өз атасының өмірінен сәби баланы майданға апарған бір кісі тауып бере алмайды. Иә, Пайғамбар соғысты, Медина қаласын қорғады. Аталарымыз соғысты. Бірақ ешқайсысы бүкіл бала-шағасымен, отбасын алып соғысқа аттанған емес. Өзі барды, борышын өтеп, қайтып келді.

Жоғарыдағы әңгімеге қайта оралайық. Хиджра жасап, Сирияға көшіп барса, ол жерде оның екі жолы бар: жамағатқа қосылу немесе қосылмау. Жамағатқа қосылсаңыз, сіз қайтадан мұсылмансыз, қосылмасаңыз қайтадан кәпірсіз.

Жамағатқа қосылғанда екі жол бар: бағыну немесе бағынбау. Бағынса – муджахит, бағынбас – қайтадан кәпір болады. Бағынса – итағап жасап, бомба байлап жарылады. Осылай ИГИЛ-дің 90 пайызы өлді.

– Өзіңіз айтып отырған таухид ұғымы қайдан шыққан?

Таухид деген ұғымды Пайғамбар айтпаған, сахаба айтпаған. Бұны хиджраның 7 ғасырында Ибн Тайлия деген кісі шығарған. Хиджра деген – қауіпті  жерден қауіпсіз жерге көшу. Тура пайғамбардың заманында солай болған. Пайғамбар Меккеде қысым көрген, тіпті өлтіреміз деген. Сонда Пайғамбарымыз Мединаға хиджра жасап, көшіп кеткен. Немесе қысым болған кезде өз балаларын, қызын, жақындарын Ипеопаға жіберді. Ипеопа деген хабаршық елі, мұсылман елі емес, християн елі. Сол жерге жақындарын екі рет жіберді. Ал ИГИЛ-діктер керісінше, қауіпсіз жерден қауіпті жерге көшіреді.

Итағап деген болады. Итағап – бағыну. Пайғамдарымыз айтқан: «Құдайға күнә жасауға, адам Құдайға қарсы күнә жасауға қарсы айтып жатса оған баруға болмайды». Сен мына қаруды қолдан, баланы өлтір, өзіңді жар деп сізге біреу бұйрық берсе ол бұйрықты орындауға болмайды шариғат бойынша. Ол шариғатқа қарсы.

Оралғандардың арасында 20 пайызы оңалту жұмыстарын дұрыс қабылдайды. Әрине ол кісілерді тәрбиелеу керек, олар соғысты көрген. Елге қайтарылған бір әйел психикалық ауру. Онымен психиатр жұмыс істейді, бізге оған әлі рұқсат берген жоқ. Иә, олар біздің азаматтарымыз.  Ол үшін идеологиялық сауықтыру керек. Сондықтан біз олармен кездескенде олардың бәрін бейтараптандырамыз. Бейтараптанғаннан кейін ой өрісі кеңіп, ол адам  сананы шектеу мен идеологиядағы шектеуді алып тастайды. Ал бастарынан мына шектеуді алып тастамаса онда өмір бойы торда жүреді.

Мен айтып отырған 20 пайыз тек қана теологтардың нәтижесі. Ал енді құқық қорғау органдары мен заңгерлер психологтар мен педагогтардың нәтижесі өзінше бөлек.

– Әңгімеңізге рахмет!

Ақбота МҰСАБЕК