23 нау, 2019 сағат 13:22

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында А. Мамин өңірде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаулары мен тапсырмаларында айтылған құрылымдық және институционалдық реформалардың орындалуымен танысады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. 

Қазақстанның Қытаймен шекарасында А. Мамин «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ауқымды жобасының бір бөлігі - «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысады. Сонымен қатар, көлік-логистикалық кешеннің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асырумен танысу мақсатында «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барады.

Талдықорған қаласында Премьер-Министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады