#
#
Жексенбі 21/07/2019

Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан мен Қырғызстанға барады

  • 11.07.2019
  • 0
  • 370

 

2019 жылғы 11-12 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына (Душанбе қ.) және Қырғыз Республикасына (Бішкек қ.) барады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Душанбеде Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің және Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзоданың басшылығымен шағын және кеңейтілген құрамдардағы үкіметтік келіссөздер өтеді. Тараптар сауда-экономикалық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту, өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайды. 

Бішкекте Қазақстан-Қырғыз Үкіматаралық кеңесінің VIII  отырысы өтеді. Күн тәртібінде сауда, инвестициялар, өнеркәсіп, көлік, мұнайгаз саласы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, су-энергетика саласы, кедендік және шекаралық өзара әрекеттестік салаларындағы ағымдағы және перспективалы ынтымақтастықтың 18 мәселесі қаралады. 

Ресми сапарлар аясында бірқатар құжаттарға қол қою көзделген. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР