29 мау, 2019 сағат 09:13

Арыстың барлық тұрғындары эвакуациялық бекеттерден үйлеріне оралды

Эвакуациялық пункттерде орналасқан Арыс қаласының тұрғындары толығымен үйлеріне оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аудандарындағы эвакуациялық бекеттерде орналасқан Арыс тұрғындары өз үйлеріне оралды. Эвакопункттерде ешкім қалмады», - деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Арыс қаласында төтенше жағдай туындаған кезден бастап қаладан 3566 тұрғын эвакуацияланып, 39 мыңнан астам адам өз беттерімен шыққан болатын.