#
#
Дүйсенбі 18/11/2019

Арыстық оқушылар Алматыға демалуға келді

  • 12.07.2019
  • 0
  • 600

Арыстан келген 75 бала Алматыдағы «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде демалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматылықтар Арыстық оқушыларды «Вокзал-2» бекетінде сән-салтанатпен қарсы алды. Әр оқушыға естелік сыйлықтар таратылды. Цирк әртісі Мұрат Мұтұрғанов отбасымен өнер көрсетті. Аниматорлық көрініс пен колледж студенттері әзірлеген «Арыс, Біз біргеміз!» атты флэшмобы балалардың көңілін көтерді.

«Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен шілденің 12-нен тамыздың 3-не дейін арыстық балалар қала сыртындағы «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде тынығады. Арнайы бағдарламаға сәйкес оқушылар қаланың көрікті жерлерін аралайды. Сондай-ақ, психологтар әр баламен жеке-жеке жұмыс істейді. Қажет болса киіммен де қамтамасыз етеміз. Бүгін оқушылардың алғашқы легі келді. Жалпы, 150 бала демалады. Қалған 75 оқушы тамызда келеді. Бұл шараны ұйымдастыруға қалалық әкімдік 10 млн. теңге бөлді», - деді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар