21 ақп, 2019 сағат 16:25

Арыстанбек Мұхамедиұлы: "Димаш пен Данэлия бүкіл әлемді таңғалдырды"

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Американың The World's Вest байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованы келесі кезеңге өтуімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті Димаш және Данэлия! The World's Вest байқауында ел намысын қорғап, байқаудың ең қиын кезеңінен жеңіспен өтулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер өз таланттарыңызбен бүкіл әлемді таңғалдырдыңыздар. Қазақстанның бүгінгі игілігі мен жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жауапты қызметтеріңіз үшін алғыс, толағай табысқа жетулеріңізге тілектеспін. Алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын. Осы сәтті пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен құт-береке және шығармашылық табыс тілеймін. Алға, Димаш! Алға, Данэлия!», - деп жазды министр фэйсбуктағы парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін Американың The World's Вest байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованың өнер көрсеткен видеосы жарияланған болатын.