19 шіл, 2018 сағат 14:44

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Денис Теннің амандығын тілеп отырмыз

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге жасалған қастандыққа қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматыдан өте ауыр хабар жетті. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан 3 литр қан жоғалтып, жансақтау бөлімінде жатыр. Алматы орталық клиникалық ауурханасының дәрігерлері оның өмірі үшін күресіп жатыр. Бұл үлкен қайғы. Тіпті ақылға қонбайды. Қазір барлығымыз Денистің амандығын тілеп отырмыз», - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, бүгін спортшы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын.

Денис Тен оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған. Қазіргі таңда ауруханада осыған байланысты түрлі сала мамандарының консилиум өтіп жатыр.