26 мау, 2019 сағат 16:41

Арыстағы жарылыс: желіде қызу талқыланған фотоға ТЖК түсініктеме берді

Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің фотосын әлеуметтік желідегілер қызу талқылап, оң пікір білдіріп жатыр.

Суреттен ТЖК жас қызметкері Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау кезінде қартаң әйелге арқасын тосып, автокөлікке мінуге көмектескенін көруге болады.

"Инстаграм" желісінде фотоға мыңнан астам пікір жазылып, 56 мың лайк басылған.

Осыған байланысты ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі фотосуретке түсініктеме берді.

"Фотода Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері Абылай Бабаханұлы Бабахан, Бексұлтан Миятұлы  Ибадулла, Үсен  Асқарұлы Қазыбек, Эльдар Владимирович  Қырықбаев әйел адамды машинаға (вахтовкаға) көтеріп мінгізіп жатыр және Арыс қаласынан Шымкент қаласының эвакуациялау пунктіне көшіруде", - деп жазылған хабарламада.