25 мау, 2019 сағат 07:30

Тұрғымбаев: "Жарылыстар жалғасқандықтан өрт сөндіру жұмыстары тоқтап тұр"

Арыстағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталмыш факті бойынша «қоршаған ортаға қауіпті саналатын қаруларды, заттарды ұстау ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізуде. Жұмыс жалғасуда. Осы уақытқа дейін қоймаларда жарылыс фактілері әлі де болып жатқандықтан, қоймадағы өртті сөндіру жұмысы тоқтап тұр» деді Ерлан Тұрғымбаев бүгінгі Үкімет отырысындағы баяндамасында.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды. Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.