24 мау, 2019 сағат 11:10

Арыстағы жарылыс: «Бөген» су қоймасына қатысты ақпарат жалған

Арыстағы жарылысқа қатысты, «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпарат жалған, деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, жойқын жарылыстың салдарын жою мақсатында «Бөген» су қоймасын ашып, Арыс қаласы мен айналасындағы бірнеше ауылды су басу қаупі бар деген ақпарат тараған болатын.

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды.

Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар Ақдала бұрылысы, 41 разъезд және Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.

Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.

Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.

Сондай-ақ, Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде.