#
#
Cәрсенбі 24/07/2019

Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

  • 25.06.2019
  • 0
  • 281

Шығыс Қазақстан облысы дәл қазіргі уақытта мемлекеттік қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1000 адамды қабылдауға дайын, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бұл туралы ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, облыстың барлық қалалары мен аудандарында қоныс аударған азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, отбасының әр мүшесіне көшу, баспана жалдау, коммуналдық төлемдер үшін субсидия түрінде материалдық көмек қарастырылған. Сондай-ақ, бірден жұмыспен қамтылады. Кей қалалар мен аудандарда тегін баспана мен жер телімдері,  ұсақ мүйізді мал басы, одан бөлек, өз кәсібін ашуға да субсидия берілуі мүмкін.

Осы мүмкіндіктерді Арыс қаласының тұрғындарына пайдалануға болады екен. Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болып, төтенше жағдай жарияланды. Қала тұрғындары көршілес елді мекендерге эвакуацияланды.

-Бүгінгі таңда осы мақсаттарға бізге республикалық бюджеттен 736 миллион теңге бөлініп отыр. 1566 адамға квота берілген. 1528 бос орын бар. Егер Арыс қаласынан ШҚО-ға қоныс аударуға ниет білдірген азаматтардың саны арта түссе, республикадан квота санын көбейтуді сұраймыз. Ондай мәселелер шешуге болады. Кез-келген уақытта арыс қаласына барып, бос орын қызметтерінің жәрмеңкесін ұйымдастыруға, жергілікті халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын отырмыз. 1000 адамды қабылдай аламыз, - дейді Ерболат Ошақбаев.

Көшіп келген азаматтар бірден жұмыспен қамтылады. Жалақы мөлшері 80 мың теңгеден кем емес. Отбасындағы балалар кезектен тыс мектеп пен балабақшаға орналастырылып, тегін тамақ және мектеп формасы секілді қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі. Қосымша көмек ретінде тұрғын үй беру, оны дайындау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, қой-ешкі секілді ұсақ мүйізді мал беру қарастырылған. Сонымен қатар, берілген субсидиядағы қаражатты жинап, қалаған баспанасын сатып алу мүмкіндігі де бар.

-Әсіресе, Алтай, Риддер, Зайсан, Аягөз қалалары мен Жарма, Көкпекті аудандарында қоныс аударушыларға аса жақсы жағдай жасалуда, - дейді басқарма басшысы.

Аймаққа аса қажет мамандықтар: агроном, педагог, балабақша күтушілері, медициналық қызметкерлер, марал өсіруші, жүргізушілер (В, С, D категориялары бойынша), хореография, ән-күй мамандары, информатика, ағылшын тілі, химия, биология пәндерінің мамандары.

Теги: қоныс аудары, ШҚО, әскери маман, Арыстағы жарылыс, төтенше жағдай, әлеуметтік көмек

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар